Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы (2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) енгізу үшін компьютерлік жүйе (бұдан әрі - КЖ) болып табылатын бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|