Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Кәсіпорынға қосу жолымен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін; 2) Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсыну және оларды автоматтандыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды; 2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|