Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы
Осы редакция 2011 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен бекітілді
Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер: 1) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шетелдік авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен ресми тануы; 2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті; 3) шетелдік тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпания; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|