Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдардың атауы жазылған мандайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік ғимараттарда орналастыру тәртібін реттейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшалар - мемлекеттік органның атауы туралы анықтамалық ақпараты бар қасбеттің қабырғалық элементі; 2) мемлекеттік органдар - Конституциямен, заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен мемлекеттің атынан: мінез-құлықтың жалпыға ортақ қағидаларын белгілейтін актілерді шығару; әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу; мемлекет белгілеген жалпыға ортақ мінез-құлық қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекемелер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|