|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар): 1) 282-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «егер бұл әрекеттер» деген сөздерден кейін «аса ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштасып,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 288-баптың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.»; 3) 292-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «зақымдау» деген сөзден кейін «, егер осы әрекет аса ірі залал келтірсе» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; №13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс сегізінші абзацпен толықтырылсын: «240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау»; мынадай мазмұндағы үш жүз жетпіс бірінші және үш жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын: «243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу 243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы»; мынадай мазмұндағы төрт жүз қырық бірінші абзацпен толықтырылсын: «306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы»; 2) 69-баптың бірінші бөлігінде «алты ай» деген сөздер «бір жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 122-баптың бірінші абзацы «жасау,» деген сөзден кейін «егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 240-1-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін «лауазымды адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 240-2-баппен толықтырылсын: «240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау 1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау, - лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған және (немесе) қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан iс-әрекеттер, - лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан елуге дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруына қатысты бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады. Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша тоқтатыла тұрады.»; 6) 241-баптың екінші абзацы «жиырма бес,» деген сөздерден кейін «лауазымды адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын; 7) мынадай мазмұндағы 243-1 және 243-2-баптармен толықтырылсын: 2-тармақтың 7) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «243-1-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген көлемінен асып түсу, - заңды тұлғаларға басқа табиғат пайдаланушылардан сатып алынған квоталардың бірліктерімен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 243-2-бап. Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы Аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың парниктік газдарды түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы дәйексіз деректерді ұсынуы,- лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 8) 244-баптың екінші абзацында: «жиырмадан елуге» деген сөздер «елуден жетпіске» деген сөздермен ауыстырылсын; «жүзден екі жүзге» деген сөздер «екі жүзден екі жүз елуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 245-баптың екінші абзацында «елуден екі жүзге» деген сөздер «үш жүз елуден бес жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 246-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацында: «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; «он бестен отызға» деген сөздер «жиырмадан қырыққа» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің екінші абзацында: «орта кәсіпкерлік субъектілері» деген сөздерден кейін «немесе коммерциялық емес ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын; «отыздан алпысқа» деген сөздер «алпыстан сексенге» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 248-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында: «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «елуден алпысқа» деген сөздермен ауыстырылсын; «елуден» деген сөз «жетпістен» деген сөзбен ауыстырылсын; 12) 250-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацында «жиырмадан қырыққа» деген сөздер «отыздан елуге» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) мынадай мазмұндағы 306-3-баппен толықтырылсын: «306-3-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың дәйексіз деректерді ұсынуы 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың эмиссиялар нормативтерін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен олар бойынша есептерді әзірлеу кезінде дәйексіз деректерді ұсынуы,- лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі, заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасау, олар қоршаған ортаға ірі залал келтіруге әкеп соқса не үш реттен артық жасалса және егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - лицензиядан айыра отырып, үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 14) 356-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацында «он беске» деген сөздер «жиырмаға» деген сөзбен ауыстырылсын; 15) 541-баптың бірінші бөлігі: «237-1,» деген цифрлардан кейін «240-2,» деген цифрлармен толықтырылсын; «306-2,» деген цифрлардан кейін «306-3 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 554-бапта: бірінші бөлікте: «240-246 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер «240, 240-1, 241 - 246 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын; «306-1 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздерден кейін «306-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпіске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға; облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.»; 17) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының оныншы абзацында: «мемлекеттiк бақылау органдарының» деген сөздер «уәкілетті органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; «246» деген цифрлардың алдынан «240-2,» деген цифрлармен толықтырылсын; «317-1» деген цифрлардың алдынан «306-3 (екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын. 3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы): отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері»; мынадай мазмұндағы қырық алтыншы абзацпен толықтырылсын: «34-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы стандарттар»; тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «77-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тарту, оны тоқтата тұру, жою, одан айыру және қайта жалғастыру»; мынадай мазмұндағы жүз оныншы - жүз жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын: «9-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу 94-1 бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі ережелері 94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар 94-3-бап. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат 94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу 94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары 94-6-бап. Табиғат пайдаланушыларды әкімшілендіру субъектілері 94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі 94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші 94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар 94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар 94-11-бап. Мониторинг рәсімі 94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар»; жүз жиырма үшінші абзацтағы «106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы» деген сөздер «106-бап. Алып тасталды.» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жүз жетпіс бірінші және жүз жетпіс екінші абзацтармен толықтырылсын: «145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау 145-2-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы»; мынадай мазмұндағы жүз сексен сегізінші - жүз тоқсан екінші абзацтармен толықтырылсын: «20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі 158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі 158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры 158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі 158-4-бап. Верификация және валидация (детерминация), парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау»; мынадай мазмұндағы үш жүз қырық бесінші абзацпен толықтырылсын: «288-1-бап. Қалдықтарды басқару бағдарламасы»; мынадай мазмұндағы үш жүз елуінші абзацпен толықтырылсын: «293-1-бап. Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау кезіндегі экологиялық талаптар»; үш жүз алпыс сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «45-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен озонды бұзатын заттар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу»; үш жүз жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «313-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды регламенттеу»; үш жүз жетпіс төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «314-1-бап. Қондырғыға қойылатын талаптар 315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу»; үш жүз жетпіс алтыншы абзацтағы «317-бап. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу және парниктік газдардың мемлекеттік кадастры» деген сөздер «317-бап. Алып тасталды» деген сөздермен ауыстырылсын; үш жүз жетпіс жетінші абзацтағы «Парниктік газдар және озонды» деген сөздер «Озонды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар; 2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті; 3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі; 4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі; 5) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi; 6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi; 7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім; 8) валидация (детерминация) - аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру; 9) верификация - парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында қабылданған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі; 10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер; 11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер; 12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық; 13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар; 14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі; 15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары; 16) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік; 18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым; 19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар; 20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі; 21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi; 22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар; 23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою; 24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану; 25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |