Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 наурыздағы
№ 165 қаулысымен
Бекітілген
Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету
нормативтерi
Р/с № | Баратын мемлекет | Бір адамға тұрғын үй алаңының шекті нормасы (шаршы метр) |
1 | 2 | 3 |
1. | Австрия Республикасы | 30-ға дейін |
2. | Египет Араб Республикасы | 35-ке дейін |
3. | Венгрия Республикасы | 30-ға дейін |
4. | Ливия Араб Ұлы Социалистік Халық Жамахириясы | 35-ке дейін |
5. | Израиль Мемлекеті | 40-қа дейін |
6. | Грек Республикасы | 30-ға дейін |
7. | Ауғанстан Ислам Республикасы | 35-ке дейін |
8. | Иран Ислам Республикасы | 40-қа дейін |
9. | Пәкстан Ислам Республикасы | 40-қа дейін |
10. | Италия Республикасы | 30-ға дейін |
11. | Канада | 30-ға дейін |
12. | Қытай Халық Республикасы | 40-қа дейін |
13. | Бельгия Корольдігі | 30-ға дейін |
14. | Испания Корольдігі | 30-ға дейін |
15. | Нидерланд Корольдігі | 30-ға дейін |
16. | Норвегия Корольдігі | 30-ға дейін |
17. | Сауд Арабиясы Корольдігі | 35-ке дейін |
18. | Тайланд Корольдігі | 40-қа дейін |
19. | Қырғыз Республикасы | 30-ға дейін |
20. | Литва Республикасы | 30-ға дейін |
21. | Малайзия | 35-ке дейін |
22. | Монғолия | 35-ке дейін |
23. | Біріккен Араб Әмірліктері (Абу-Даби) | 35-ке дейін |
24. | Әзірбайжан Республикасы | 30-ға дейін |
25. | Беларусь Республикасы | 30-ға дейін |
26. | Болгария Республикасы | 30-ға дейін |
27. | Грузия Республикасы | 30-ға дейін |
28. | Үндістан Республикасы | 35-ке дейін |
29. | Корея Республикасы | 40-қа дейін |
30. | Ливан Республикасы | 35-ке дейін |
31. | Польша Республикасы | 30-ға дейін |
32. | Сингапур Республикасы | 35-ке дейін |
33. | Тәжікстан Республикасы | 30-ге дейін |
34. | Өзбекстан Республикасы | 35-ке дейін |
35. | Ресей Федерациясы | 30-ға дейін |
36. | Румыния | 30-ға дейін |
37. | Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі | 30-ға дейін |
38. | Америка Құрама Штаттары | 30-ға дейін |
39. | Түркия Республикасы | 35-ке дейін |
40. | Түркіменстан | 30-ға дейін |
41. | Украина | 30-ға дейін |
42. | Германия Федеративтік Республикасы | 30-ға дейін |
43. | Франция Республикасы | 30-ға дейін |
44. | Чех Республикасы | 30-ға дейін |
45. | Швейцария Конфедерациясы | 30-ға дейін |
46. | Жапония | 35-ке дейін |
Дипломатиялық қызмет персоналына бірге тұратын отбасы мүшелерінің санына байланысты:
1) 1 және 2 адам - 2-бөлмеден аспайтын;
2) 3 адам - 3-бөлмеден аспайтын;
3) 4 адам - 4-бөлмеден аспайтын;
4) 5 және одан көп адам - 5-бөлмеден аспайтын тұрғын үй беріледі.
Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз етудің осы нормативтері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларына қолданылмайды.