Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудағы сот тәжірибесі туралы (2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды (бұдан әрі - жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлерді) тарату туралы заңнаманы сот тәжірибесінде біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 23 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылатынына соттардың назары аударылсын. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында, «Банкроттық туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 7, 9, 9-1-тарауларында қарастырылған. ҚР Жоғарғы Сотының 2008.22.12. № 23 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамамен таратудың арнайы негіздемелері мен жеңілдетілген тәртібі қарастырылған. Заңның 1-бабының 12) тармақшасына сәйкес, жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер. Заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған заңды тұлға АК-нің 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|