Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 332 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған күн салығын төлеуден босату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелген кезде қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуден босату тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|