Қазақстан Республикасының (2011.05.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу мерзімдері және жалпы өтпелі ережелер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-6аптың 17)-19) тармақшаларын, 30-баптың 7-тармағын және 192-баптың 4-9-тармақтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі осы Заңның 2 - 11-баптарында көзделген ережелер ескеріле отырып, оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
2-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасы Кеден органдары 2011 жылғы 1 шілдеге дейін кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда саласындағы статистикалық қызметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
3-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға қатысты өтпелі ережелер 1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған кедендік брокерлер, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймаларының иелері, уақытша сақтау орындарының кеден қоймалары мен бажсыз сауда дүкендерінің иелері «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты бойы кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқылы. 2. Кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының, кеден коймаларының иелері ретінде қызметті жүзеге асыру кұқығына лицензиялары бар тұлғалар осы баптың 1 -тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тиісті лицензиялардың түпнұсқаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. Бажсыз сауда дүкенін құруға шешімдері бар тұлғалар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін шешімдердің түпнұсқаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті органға қайтаруды жүзеге асыруға міндетті. 3. Кедендік брокерлер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімге кеден өкілдері болып танылады. Уақытша сақтау орындарының иелері осы баптың 1 -тармағында айқындалған мерзімге өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері болып танылады. 4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған кедендік тасымалдаушылар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 33-бабына сәйкес өз мәртебесін растамастан, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы кеден одағының кедендік заңнамасында белгіленген жағдайлармен және шарттармен кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға құқылы. 5. Өздеріне қатысты кедендік ресімдеудің арнайы жеңілдетілген рәсімдері белгіленген, ең төменгі тәуекел санатына жатқызылған, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тізіліміне енгізілген тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай бойы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін осындай тұлғалар үшін айқындалған жеңілдету көлемінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық операторға берілетін арнайы жеңілдікті пайдаланады.
4-бап. Кедендік операцияларды жасаудын ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер 1. Кеден одағының кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарлар декларацияларын беруге жол беретін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін: өз заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді; кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдіктері және халықаралық ұйымдары аумағында өздері тұрған, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді. 2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 30-тарауының ережелері қолданылады. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілетін күнге уақытша сақтауда тұрған тауарлардың уақытша сақталу мерзімі, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептеледі. 3. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты тауарлар декларациясы, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептелетін уақытша сақталу мерзімі өткенге дейін кеден органына берілуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органында кедендік декларациясы қабылданған (тіркелген) тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен мәлімделген кедендік режимге орналастыруға жатады. 5. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органдарына алдын ала, уакытша, кезеңдік не толық емес кедендік декларациялар берілген тауарларға қатысты алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес декларациялау рәсімдерінің қолданылуы кеден органы аталған декларацияларды тіркеген күнге Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен аяқталады.
5-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер 1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) тауарларға қатысты кедендік транзитке рұқсат беру (тауарлардың жеткізілуін бақылау кұжатын ресімдеу) жүзеге асырылады, ал кеден одағының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен тасымалдау бұл транзит декларациясын (кедендік транзит құжаты, тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты) кеден органы қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады. 2. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органы кедендік транзитке рұқсат берген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеген) тауарларды кедендік бақылаумен кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдау кедендік транзитке рұқсат берілген (тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ресімделген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке шарттармен жүзеге асырылады және аяқталады.
6-бап. Тауарлардың мәртебесі және кедендік рәсімдер туралы өтпелі ережелер 1. Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекет пайдасына тауарлардың еркін айналысы, кері импорты және тауарлардан бас тарту үшін тауарлар шығарудың кедендік режимдерімен орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше мемлекет пайдасына ішкі тұтыну, кері импорт және бас тарту үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылған деп есептеледі және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. 2. Осы баптың 1 - тармағында аталған, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күнге кедендік мақсаттар үшін қазақстандық тауарлар мәртебесіне ие болған тауарлар кеден одағынын тауарлары болып танылады. 3. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін тауарлар экспортының кедендік режимінде орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. 4. «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында тауарларды өңдеу, тауарлады еркін айналыс үшін өңдеу және тауарларды кедендік аумағынан тыс өңдеу кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап, тиісінше кедендік аумақта өңдеу, кедендік аумақтан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін, осындай тауарларды өңдеу операцияларының нәтижесінде алынған тауарларға қатысты осы тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған кедендік рәсімдер «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде айқындалған мерзімдер шегінде тауарларды өңдеу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, тиісті кедендік режимдерге тауарларды орналастыру кезінде белгіленген мерзімдердің өтуіне дейін қолданыста болады. «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкелінген не кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілген, қазақстандық тауарлар мәртебесіне ие тауарларға қолданылған осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған кедендік режимдер «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап, өз қолданысын тоқтатады. Осы кедендік режимдерге орналастырылған тауарлар және осы тауарларды өңдеу операциялары нәтижесінде алынған тауарлар «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден одағының тауарлары болып танылады. 5. Экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес әкетуге арналған тауарларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар, «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырыған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік қойманың кедендік режиміне орналастырылған, экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес әкетуге арналған тауарлар «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік қоймаларды сақталады. Кеден қоймасының кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту мүмкіндігі ескеріліп, кеден қоймасының кедендік режимімен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген сақтау мерзімдері өткенге дейін қолданыста болады. 6. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу және тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдеріне орналастырылған деп танылады және оларға қатысты осы тармақтың екінші және үшінші бөліктері ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған мерзімдер шегінде оларды ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, уақытша әкелу (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу) кедендік режимімен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкелу мерзімдері өткенге дейін қолданыста болады. Уақытша әкетудің кедендік рәсімі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес оларды ұзарту мүмкіндігі ескеріле отырып, уақытша әкетудің (тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету) кедендік режимімен тауарларды орналастыру кезінде белгіленген уақытша әкету мерзімдері өткенге дейін қолданыста болады. 7. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында тауарлардың кері экспорты кедендік режимімен орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендік кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған болып танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағы кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап кедендік аумақта тауарларды өңдеудің кедендік режиміне сәйкес тауарларды өңдеу бойынша операциялардың нәтижесінде алынған өңдеу өнімдерін әкету мақсатында. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кедендік режимдерге орналастырылған тауарлар кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады деп танылады. 8. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін тауарларды және бажсыз сауда дүкенін жою кедендік режимдеріне орналастырылған тауарлар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап тиісінше жоюдын ңемесе бажсыз сауданын кедендік рәсімдерімен орналастырылған деп танылады және оларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. 9. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін осы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік режимдермен орналастырылған тауарларға осы баптың ережелері қолданылады.
7-бап. Көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер 1. Шет мемлекеттерде тіркелген. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден одағының кедендік аумағына әкелінген көлік құралдары, мұндай көлік құралдарымен жолаушылардың багаждың және тауарлардың халықаралық тасымалы жүзеге асырылуы кезінде «Қазақстан Республикасыңдағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары болып танылады және оларға «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады. 2. Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Реепубликасы Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген көлік құралдары мұндай көлік құралдарымен жолаушылардың, багаждың және тауарлардың халықаралық тасымалы жүзеге асырылуы кезінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары болып танылады және оларға «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 55-тарауының және (немесе) кеден одағының кедендік заңнамасының ережелері қолданылады.
8-бап. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының колданысқа енгізілуіне байланысты өтпелі ережелер 2012 жылғы 1 каңтарға дейін: 1) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 251-бабынын 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірін», «сәйкестендіру нөмірінің» деген сөздер тиісінше «тіркеу нөмірі», «тіркеу нөмірлері», «тіркеу нөмірін», «тіркеу нөмірінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тоқтатыла тұру кезеңінде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бюджетке кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөнінде төлем құжаттарын қабылдау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымына (калыптастыру алгоритміне) және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндеттілігі белгіленіп, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 139-бабы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрсын.
11-бап. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің күші жойылды деп тану туралы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж.,.№ 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20 -құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18,144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., №17, 80, 81-кұжаттар; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 122, 124-құжаттар; 2010 ж.,№ 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 30-ы
№ 298-ІV ҚРЗ
|