ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы редакция 2011 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат-тар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат): 1) 88-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 бөліктермен толықтырылсын: «1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы дұрыс емес мәліметтерді табыс етуі - лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 1-2. Осы баптың 1-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; тақырыбы және бірінші абзацы «қорларының» деген сөзден кейін «, ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары ірі қатысушыларының» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) мынадай мазмұндағы 179-3-баппен толықтырылсын: «179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуы, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді немесе басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын мынадай түрде бұзуы: бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтару, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса; қаржылық есептіліктегі көрсеткіштердің не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау жөніндегі мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан қаржылық есептілікті жасау - лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы - заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 4) 573-баптың бірінші бөлігінде: «88 (бірінші бөлік)» деген сөздер «88 (1, 1-1 және 1-2 бөліктер)» деген сөздермен ауыстырылсын; «175-2,» деген цифрлардан кейін «179-3,» деген цифрлармен толықтырылсын. 2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау - мынадай шарттардың бірі: бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған; бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған; Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан; бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі; 2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі; 3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын; банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын; банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы. Ұлттық басқарушы компания немесе ұлттық холдинг бас ұйым болып табылатын заңды тұлғалар тобы банк конгломератына жатпайды. Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады; 4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе: банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға; 5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы; 6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе: банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге; шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға; 7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша; 9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға; 10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі; 11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы компания болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға; 12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы; 13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;»; 2) 8-баптың 5-тармағының үшінші абзацындағы «облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды» деген сөздер «облигациялармен;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: «15) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда және (немесе) сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім алу құжаттары.»; 5-тармақтың 7) тармақшасындағы «болуы негіз болып табылады» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру үшін осы Заңмен, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен көзделген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Құжаттардың толық пакетін ұсынған және осы бапта көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат береді және сонымен бір уақытта осы Заңға, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім береді.»; 4) 19-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «банктің уәкілеттік берілген органдары» деген сөздер «құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы баппен белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;»; 4-тармақта: бірінші бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларындағы «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктегі «қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу саласында» деген сөздер «осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың екінші бөлігінде: «құжаттар» деген сөз «құжаттардың толық пакеті» деген сөздермен ауыстырылсын; «жеке» деген сөз алып тасталсын; 9, 10-тармақтардағы «жеке» деген сөз алып тасталсын; а) тармақшасы «әзірлеуге,» деген сөзден кейін «осы Заңның 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлерін тағайындауды (сайлауды) уәкілетті органмен келісуге,» деген сөздермен толықтырылсын; б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «б) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен немесе Қазақстан Республикасының банк қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;»; 7) 55-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын; 1-1-тармақтағы «тұрғын үй қарызы» деген сөздер «қарыз» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақта: «банкке сеніп тапсырылған немесе оның қаржы құралдарына орналастырылған» деген сөздер «кастодиан банкке сеніп тапсырылған» деген сөздермен ауыстырылсын; «Зейнетақы» деген сөз «Кастодиан-банкке сақтау және есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 12, 186-құжат; 1998 ж, № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж, № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етілуі; 2) аффилиирленген тұлғалар - тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар; 3) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі; 4) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе: ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру; ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие Қазақстан Республикасының резиденті —жеке тұлға немесе заңды тұлға (мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда); 5) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код; 6) бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол: бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын; бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын; бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын; бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды; 7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 8) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары; 9) әртараптандыру - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру; 10) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға; 11) ең төменгі зейнетақы - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері; 12) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 13) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері; 15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы; 16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері; 18) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді; 19) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша; 20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны; |