Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2011.18.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) этил спиртін ендіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 2. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган береді. 3. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия басты лицензия болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) жеке тұлға үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ставка бойынша этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 6) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар: өндіріс паспортының көшірмесі; уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін спирт өлшегіш аппараттарды сатып алғанын растайтын құжаттардың (спирт өлшегіш аппараттарды сатып алу-сату шартының, спирт өлшегіш аппараттардың паспортының, спирт өлшегіш аппараттарды қондыруға және іске қосуға арналған шарттың) көшірмелері; этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босатуды және есепке алуды жүзеге асыру үшін меншік құқығында қойма үй-жайлардың және жабдықтардың бар екенін растайтын құжаттардың (ғимараттарды, құрылыстарды, мүлік пен жабдықты сатып алу-сату шартының, жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актінің) көшірмелері; тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді регламенттейтін техникалық құжаттаманың көшірмелері (санитарлық нормалар мен ережелердің, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері); қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің бар екендігі туралы құжаттардың (қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерін салуға арналған шарттың) көшірмелері; өлшеу құралдарының тізбесі (шикізатты қабылдау және шығару үшін таразы және өлшеу шаруашылығы); жабдықтардың айрықшалығымен, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларымен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының көшірмелері. 5. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). 6. Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тиісті талаптарға сәйкестігі туралы белгіленген қорытынды ұсыну туралы сауал жібереді. Көрсетілген органдар жиырма бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және лицензиарға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді. 7. Лицензиар этил спиртін өндіруге лицензия берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтауды жүзеге асырады. 8. Лицензиар-лицензияны барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 4-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады; 3) этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған этил спиртін өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге лицензияны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарылады. 10. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы. 11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бөлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді. 12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру
13. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 14. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензия алып қойылғанда; 2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, қосылу, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға ұйымдастырылғанда; 3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 4) этил спиртін өндіру лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесінен алып тасталса тоқтатылады. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады.
Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары: 1) өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіріс паспортының; 2) лицензиар пломбылаған және белгіленген талаптарды қанағаттандыратын спирт өлшейтін аппараттардың; 3) қойма үй-жайлары - этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін ғана арналған мамандандырылған тұрақты үй-жайлардың және (немесе) алаңдардың; 4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді регламенттейтін техникалық құжаттаманың (санитарлық нормалар мен ережелер, МЕМСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері); 5) тұрақты коммуникациялар - нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу, салқын, электр жабдықтаудың және кәріздің; 6) қойма үй-жайларына автомобиль және/немесе темір жол кіреберістерінің; 7) өлшеу құралдарының (шикізатты қабылдау және беру үшін таразы және өлшеу шаруашылығының); 8) өндірісті және сынақ зертханаларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтымның; 9) жабдықтардың айрықшалығымен, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларымен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының; 10) мынадай жолмен алынған этил спиртін өндіру мен шығару мүмкіндігінің: тоқсандар бойынша бірдей жылына 200 мың декалитрден төмен емес көлемде спирт ашытқыларын айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикізаты сірнесінен және басқа да құрамында қант және крахмал бар тағамдық өсімдік шикізатынан өндірілетін этил спирті шикізатын тазарту; жылына 20 мың декалитрден төмен емес көлемде шарап материалынан төте немесе екі мәрте айдап айыру; 11) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы тұрақты өндірістік үй-жайлардың және жабдықтардың болуын қамтиды.
Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдердің тізбесі
1. «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 388-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қаңтардағы № 97 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 37-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 12, 164-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 403-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 102-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 493-құжат).
|