Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 731 Қаулысымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Трафикті өткізу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1694 қаулысымен бекітілген
Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу және өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желілерін құрайтын байланыс операторлары мен желілер иелерінің өзара іс-қимылы тәртібін реттейді және мыналарды: 1) телекоммуникация желілерін (тіркелген және жылжымалы) қосу шарттары мен тәртібін; 2) байланыс операторлары мен қосылатын телекоммуникация желілері иелерінің ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимылын; 3) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері (бұдан әрі - ОПТЖ) бойынша трафикті өткізуді реттеу тәртібін; 4) желілік ресурстарды өзара пайдалану және трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібін анықтайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|