|
Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 495 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мынадай мөлшерлері белгіленсін: 1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш; 2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш; 3) педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық - 350 айлық есептік көрсеткіш; 4) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық - 300 айлық есептік көрсеткіш; 5) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық - 150 айлық есептік көрсеткіш; 6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық - 150 айлық есептік көрсеткіш; 7) мемлекеттік ғылыми стипендия - 24 айлық есептік көрсеткіш. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 3. Ғылым комитеті (Б.Ә. Қасымбеков): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|