«Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 272-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақта: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 121 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысымен бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары: 1) заңды тұлғалар үшін: штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|