Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік меншік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарына бекітілген республикалық мүлік (бұдан әрі - Мүлік) «Инженерлік-техникалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының төлеміне берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қоғам акцияларының төлеміне Мүлікті берсін; 2) қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|