Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
«Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 қаулысымен бекітілген
Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы анықтау және жою, орман қорының аумағында жұмыс істейтін және жүрген барлық адамдардың осы Қағидалардың талаптарын орындауын қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) орман қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері; 2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері; 3) орман пайдаланушы - Кодексте белгіленген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|