2012 жылы Көкшетау қаласында жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру туралы (2012.11.03. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № А-5/926 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-7 тармақшасына, 18-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашасындағы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2012 жылы Көкшетау қаласында жастардың іс-тәжірибесі ұйымдастырылсын. 2. 2012 жылы Көкшетау қаласында жастардың іс-тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің ұсынылған тізбесі бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж.Какпеновке жүктелсін. 4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің орынбасары А.К.Қайнарбеков «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Т.Ы.Сыздықов «Көкшетау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы М.Е.Біләлов «Қазақстан Республикасы статистика агенттігі Ақпарат-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақмола облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|