Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы » Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Фильтрлі сигареттерге (қорап): ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін қырық теңге мөлшерінде; ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін елу теңге мөлшерінде ең төмен бөлек баға белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|