Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 қаулысымен бекітілген
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары
1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мұнайдың әлемдік бағасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген ақпарат көзінің негізінде тиісті кезеңде «Датированный Брент» (Вrent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгіленуі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|