Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы (2013.23.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Астықты сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 4-1/573 бұйрығын қараңыз
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Астықты сақтау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1569 қаулысымен бекітілген
Астықты сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерінде) астықты сақтау тәртібін айқындайды. 2. Астық қабылдау басталғанға дейін астық қоймасының (элеваторлардың, астық қабылдау пунктінің) барлық технологиялық желілері жарамды күйге келтірілуі, астық қорының, оның ішінде карантиндік, зиянкестерден таза болуы және жұмыс істеуге дайын болуы: 1) өндірістік-технологиялық зертхана (бұдан әрі - ӨТЗ) - астық сынамаларын іріктеп алу және астық талдауларын жүргізу үшін тиісті аспаптармен, зертханалық жабдықтармен және қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз етілуі; 2) таразы жабдығы және салмақ өлшеу аспаптары - тексеруден өткізілуі (тексеруден өткізілігенін дәлелдейтін құжат немесе таңба салынған болуы тиіс); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|