Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат): тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «Шетел азаматтарының» деген сөздер «Шетелдіктердің» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде: тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «Шетелдік азаматтардың», «шетелдік азаматтарды», «шетелдік азаматтарға», «шетел азаматтары», «шетел азаматтарын», «шетелдік азаматқа», «шетелдік азамат», «шетелдік азаматтар», «шетелдік азаматтың» деген сөздер тиісінше «Шетелдіктердің», «Шетелдіктерді», «шетелдіктерге», «шетелдіктер», «шетелдікке», «шетелдік», «шетелдіктің» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-1-тармақтың тоғызыншы абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын: «11-2. Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматы болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, әрбір шетелдік Қазақстан Республикасына келуі кезінде болу және кету үшін: ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын әуежайға дейін «Экономикалық» сынып бойынша кемінде авиабилеттің құны мөлшерінде; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен ол тұрақты тұратын мемлекеттің аумағындағы ең жақын станцияға дейін кемінде темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігіне, билеттің құны мөлшерінде; болатын әр күніне кемінде екі есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қажетті қаражатының бар екендігін растайтын мәліметтерді ұсынуы тиіс. Қаражатының бар екендігі туралы банктің анықтамасы төлем қабілеттілігін растайтын құжат бола алады; Қазақстан Республикасында болуы және одан шығуы үшін төлем қабілеттілігін растауды тексеруді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады»; 2) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 485-құжат): тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «шет ел азаматтарының», «шет ел азаматтары» деген сөздер тиісінше «шетелдіктердің», «шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын; кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесінде: тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша «шетел азаматтарының», «Шет ел азаматтары» деген сөздер тиісінше «шетелдіктердің», «Шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күші бар Жарлығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|