Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2012 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібінде: 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Халықтың көші-қоны туралы» және «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацындағы «егер» деген сөзден кейін «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын; 11-2-тармақтың бірінші абзацындағы «Оралмандарды,» деген сөзден кейін «пана іздеген адамдарды, босқындарды» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Пана іздеген адамдар, сондай-ақ босқындар Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған пана іздеген адамның куәлігін немесе босқын куәлігін өзімен алып жүруге және оларды уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша көрсетуге міндетті.»; 13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Пана іздеген адамдарды және босқындарды тіркеу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|