Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
«Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 145-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ереже бекітілсін. 2. «Табиғи ортаның жайын бақылайтын станциялардың мәртебесі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 524 қаулысымен бекітілген
Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 145-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және стационарлық бақылау жасау пункттерінің (бұдан әрі - СБП) мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын және оларды ұйымдастыруына, жұмыс істеуіне, қызметінің қамтамасыз етілуіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) агрометеорологиялық бақылау - метеорологиялық элементтерді (ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері және басқалар), ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсуі мен дамуын, топырақтың жай-күйін және өткізілетін агротехникалық іс-шараларды бір уақытта бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|