|
Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 бұйрығы (2018.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2018.13.03. № 387 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Әділет министрінің 2018.13.03. № 387 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру қағидалары бекітілсін. 2. «Өнеркәсіптік үлгілерге патентті беруге өтінімді жасау, ресімдеу және қарастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 101 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 4 қыркүйегінде № 5772 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2009 жылғы, № 11 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамамен қарастырылған тәртіпте аталған бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|