Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 187-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін. 2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б. Тортаев) мен Заң департаменті (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды. 1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген; 2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі. 1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға; 2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға; 3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға; 4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толықтыруға беріледі. 4. Бюджеттік кредиттер беру мынадай: 1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық; 2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|