Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/66 бұйрығын қараңыз
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1674 қаулысымен бекітілген
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар (бұдан әрі - Фитосанитариялық талаптар) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Фитосанитариялық талаптар өсімдік карантинін қамтамасыз ету мақсатында карантинге жатқызылған өнімге, оның ішінде оның орамасына, заласыздандыруға және тасымалдауға қойылатын талаптарды айқындайды. 3. Карантинге жатқызылған өнім түрлері Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес бірдейлендіріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|