Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы (2013.02.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 193 Қаулысымен күші жойылды
«Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығын қараңыз
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 қаулысымен бекітілген
Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады: 1) газ желісі ұйымы - аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|