Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы (2014.12.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126-баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жер беті суларының қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары 557,77 шақырым ұзындықта, белдеулері 685,58 шақырым ұзындықта және олардың шаруашылық пайдалану режимі бекітілген «Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобасы» жобалық құжаттама негізінде белгіленсін. 2. «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорғау белгілерін орнату және бекіту жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарының әкімдеріне: 1) су қорғау аймақтары мен белдеулердің шекараларын өзгертуді жүзеге асырсын, оларды су қорының жерлеріне ауыстыру жөніндегі жер-есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін; 2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарды құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|