ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2015.30.06. № 364 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына 3-қосымша
Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі қағидалар (2018.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Тауар таңбаларына өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауар таңбасын құрастыру тәртібін, оны ресімдеу және қарау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады: 1) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) - зияткерлік меншік саласында халықаралық саясатты және мемлекеттер ынтымақтастығын реттейтін және қамтамасыз ететін халықаралық ұйым; 2) жалпыға танымал тауар таңбасы - Қазақстан Республикасында тіркелген тауар таңбасы немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшіне тіркелмей қорғалатын, сонымен қатар Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаусыз, бірақ Қазақстан Республикасында белсенді қолданыстын арқасында кең танымалдылыққа ие болған тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi; 3) Мадрид келісімі - өзгерістер мен толықтырулар енгізілген таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі; 4) өтінім беруші - тауар таңбасын тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға; 5) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттiк монополия саласына кіретін (тауар таңбаларын қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жердің атауларын қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|