Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелері туралы (2005.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелері» бекітілсін. 2. Осы шешім өз күшіне Шығыс Қазақстан облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және 2004 жылдың 1 тамызынан бастап іске асырылады. 3. Қалалық мәслихаттың 1998 жылғы 8 қаңтардағы «Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер, су қордаларын, жасыл желектерді қорғау ережелері туралы», және 1998 жылғы 24 желтоқсандағы «Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер, су қордаларын, жасыл желектерді қорғау Ережелеріне толықтырулар енгізу туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
қалалық мәслихаттың 7/6 шешіміне қосымша
Өскемен қаласының көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі
1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
1. Аумақтарды көркейту - қала аумақтарындағы адамдар өміршеңдігін жайлы, қолайлы қамтамасыз ететін, жұмыстар мен элементтер кешені. 2. Инженерлік желілер мен құрылғылар - қала тұрғындары мен кәсіпорындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, қала аумақтарынан жер беті суын жинау мен бұру үшін бағытталған, қаланың инженерлік көркейтуінің маңызды элементтері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|