Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасы бекітілсін. 2. Бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3228 санымен тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|