Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен
1. Осы Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды. 2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды дайындау, өндіру, сақтау және қайта өңдеу; 2) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру; 3) иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндіру; 4) ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін және радиоактивті заттарды өткізу. 3. Лицензиялау субъектілері заңды және жеке тұлғалар болып табылады. 4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 5. Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивтік заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз бас лицензия болып табылады.
6. Лицензия мен лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші лицензиарға мына құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер және құжаттар. 8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, оның көшірмесі жіберіледі (тапсырылады). 9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса; 2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген болса; 3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмейтін болса; 5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартылуы мүмкін. 11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдері біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді. 13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтып алған, бүлдіріп алған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті. 17. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 18. Лицензиар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды: 1) ядролық материалдар мен радиоактивті заттарды дайындау, өндіру, сақтау және қайта өңдеу; 2) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру; 3) иондаушы сәуле шығару көздерін, оның ішінде құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндіру; 4) ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерін және радиоактивті заттарды өткізу. 3. Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) тиісті техникалық регламенттер мен ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті әкімшілік басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымның; 2) меншік немесе жалға беру құқығындағы тиісті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлардың, инженерлік құрылыстардың, технологиялық желілер мен бақылау аспаптарының); 3) дайындалатын иондаушы сәуле көздеріне, ерекше түрдегі радиоактивті материалдарға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес бекітілген стандарттардың; 4) ядролық материалдарға және/немесе иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған меншік немесе жалға беру құқығындағы қоймаларының; 5) иондаушы сәуле шығару көздерін, ядролық материалдарды, радиоактивтік заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізудің белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық регламентінің (нұсқаулықтардың); 6) персоналдың сәуле алу мөлшерін өлшеу және есептеу жүйесінің; 7) өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету (жауапты) қызметінің; 8) бекітілген ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарларының; 9) белгіленген тәртіппен бекітілген ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылау жүйесінің; 10) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған тиісті білімі және мамандығы бойынша екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережелерін, қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен және белгіленген тәртіпте радиациялық-қауіпті жұмыстарды орындауға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 11) мәлімделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламаларының; 12) мәлімделген қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттаманың; 13) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспорттың; 14) автокөлікке арналған санитарлық паспорттың және қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына берілген лицензияның; 15) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 16) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 17) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.
|