|
|
|
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен қаулы біліктілік талаптарымен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және
Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - лауазымды тұлғалардың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың және иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының; 2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік ғимараттар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар); 3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың; 4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік және жұмыс орнында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметінің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары); 5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және оларды жою жоспарларының; 6) құрамында радиоактивті заттар бар медициналық аспаптар мен қондырғыларды пайдалану жөніндегі жұмыстар үшін - иондаушы сәуле шығару көздерінің радиациялық түйіндеріне калибрлеу жүргізу туралы (калибрлеу жүргізу кестелері мен хаттамалары, өлшеу құралдары) құжаттамалардың; 7) барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және сақтау бойынша нұсқаулықтар, түгендеу актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары); 8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің және қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен, жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентінің; 11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылар үшін қоймалардың; 12) құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрі үшін - радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың (техникалық қызмет көрсету кестесі, жөндеу жүргізу хаттамалары, өлшеу құралдары) немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен жасалған шарттың; 13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің және қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының; 14) табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі кіші қызмет түрін қоспағанда, барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті заттардың, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының; 15) мәлімделген қызмет түрінің құрамында радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдау операциясы болған кезде - көлікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының және қауіпті жүктерді тасымалдауға берілген лицензияның; 16) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғылардың физикалық қорғауды қамтамасыз ету жоспарының; 17) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың; 18) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |