Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1/230 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (2013.09.09. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 2/236 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2013.26.07. № 3/657 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «бастық», «бастыққа», «бастықтың» сөздері тиісінше «басшы», «басшыға», «басшының» сөздерімен ауыстырылды; Алматы қаласы әкімдігінің 2013.09.09. № 3/776 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «бастығы», «бастығына», «бастығының», «бастығынан» сөздері тиісінше «басшысы», «басшысына», «басшысының», «басшысынан» сөздерімен ауыстырылды (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі негізгі ұғымдар қолданылады: 1) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет; 2) жұмыссыздар - кіріс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар; 3) бос орын - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет); 4) тұтынушылар - жеке тұлғалар: Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар; 5) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|