Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы (2009.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі бекітілсін. 2. «Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектілерді құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерін, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 240 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 130-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысымен Бекітілген
Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер (бұдан әрі - ұлттық парк) аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі (бұдан әрі - Epeжe) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңнамасына сәйкес әзірленді және реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін ғимараттар мен құрылыстар салу көзделмейтін жер учаскелерін жалға беру тәртібін айқындайды. Реттелмелі туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында ғимараттар мен құрылыстар салу (қайта жаңарту) үшін жер учаскелерін жалға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға ұлттық парктің аумағын мақсатты пайдалану мен зондылауды ескере отырып, оларды туристік соқпақтар мен бағыттар, демалу тұрақтары, шатырлы лагерлер, жағажайлар, тамашалау алаңдары үшін пайдалануға, сондай-ақ уақытша құрылыстарды (сауда орындары, дүңгіршектер, жазғы кафелер, қайық станциялары және жалға беру пункттері, жылжымалы вагондар, трейлерлер) орналастыру үшін 5 жылға дейінгі қысқа мерзімге жалға беріледі. 3. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген объектілерді орналастыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар паспортына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерін жалға беру тәртібi
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Ұлттық парк реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін жалға берілетін жер учаскелерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді баспасөзде және интернет-ресурстарда орналастырады. 5. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскелерін жалға алу үшін ұлттық паркке мыналарды қамтитын өтінімді ұсынады: 1) жеке немесе заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, сұралып отырған учаскенің орналасқан жері, оның алаңы, пайдалану мақсаттары, жалға алу мерзімі көрсетілген өтініш; 2) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға жарғысының және оны тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі, жеке тұлғалар үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған патент; 3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау жөніндегі іс-шараларды, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, сұралып отырған жер учаскесін пайдалану және жайластыру жоспары. 6. Ұлттық паркке келіп түскен өтінімді ұлттық парктің бірінші басшысының бұйрығымен құрылған арнайы комиссия бір ай мерзімде қарайды. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды, ұлттық парк басшысы немесе оның орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамына уәкілетті органның аумақтық органының, жергілікті атқарушы органдардың, жер қатынастары жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органдардың өкілдері олардың келісімі бойынша кіреді. Жер учаскесін жалға беру немесе жалға беруден бас тарту туралы шешімді комиссия мүшелері көпшілік дауыспен дауыс беру нәтижесінде анықтайды. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. 7. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша мынадай ақпаратты қамтитын хаттама жасалады: 1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі; 2) өтініш берушінің атауы және оның заңды мекен-жайы; 3) жер учаскесі үшін жалдау ақысының мөлшері; 4) өтініш берушіге ұсынылатын жер учаскесін қорғау мен жайластыруға қаржылық салымдардың көлемі; 5) комиссияның шешімі. 8. Хаттамаға комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде беріледі және хаттамаға тігіледі. Комиссияның шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін. 9. Хаттаманың негізінде ұлттық парктің бірінші басшысы және өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін жалға беру шартына қол қояды. 10. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. 11. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалға алушының жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар. 12. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы 52-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік табиғи резерваттар мен өңірлік табиғи парктердің аумағында реттелмелі туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында жер учаскелерін қысқа мерзімге жалға беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
|