Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен күші жойылды
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (2013.17.04. берілген өзгерістермен)
1. Басшылардың, мамандардың және тағы да басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БА) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, ұйымдастырушылық - құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдарда мамандарды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады. 2. БА екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының экономикалық қызметтің әр түрі үшін ортақ және ұйымдарда кеңінен таралған біліктілік сипаттамасы келтірілген. Екінші бөлім ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіруші ұйымдарда, сонымен қатар редакциялық-баспа ұйымдарында және бөлімшелерінде жұмыс атқаратын қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасынан тұрады. 3. БА қызметшілерді қабылданған жіктеуге сәйкес, яғни үш санат: басшылар, мамандар және басқа қызметшілер бойынша әзірленген. Қызметшілерді санаттарға бөлу қызметкердің еңбегін құрайтын атқаратын жұмыс сипаттамасына байланысты (ұйымдастырушылық - әкімшілік, талдамалы - конструктивті, ақпараттық - техникалық). 4. Қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар оның лауазымдық міндеттері негізінде айқындалады, сондай-ақ лауазымның атауы да соған байланысты болады. Осыған байланысты БА құру негізінде лауазымдық белгі салынған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|