Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 676-қбпү Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілсін: 1) соғыс уақытында Қарулы Күштердің барлық қызметіне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы); 2) әскери басқару органдары: стратегиялық - Қорғаныс министрлігі және Бас штаб; жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер тылы бастығының басқармалары, Қарулы Күштердің бас басқармалары; жедел-аумақтық - өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармалары; жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерінің әскер тектері қолбасшыларының басқармалары; тактикалық - құрамалар мен әскери бөлімдердің басқармалары; жергілікті - қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер; 3) Қарулы Күштер түрлері: Құрлық әскерлері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оку-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер; Әуе қорғанысы күштері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оқу-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|