|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы (2024.09.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы 4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу 5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі 6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi 8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері 11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары 4-тарау. Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету 12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету 13-бап. Қорғанысты қаржыландыру 14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері 15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану 17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау 5-тарау. Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар 18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты 19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы 20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау 21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару 22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары 23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары 23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері 23-2-бап. Əскери атташелер аппараты 24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi 25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы 26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар 29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру 31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан 32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы 34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық персонал - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары; 2) арнаулы əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері; 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар; 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1) Арнаулы операциялар күштері - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операциялар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бір бөлігі; 4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені; 5) аумақтық əскерлер - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы əкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары); 6) аумақтық əскерлерді арнайы өрістету - төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың əскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) аумақтық әскерлердің аумақтық органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қорғанысы әскери басқармасының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің құқықтарында жұмыс істейтін тактикалық органдары; 7) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін жəне коммуникацияларын қарсыластың əрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу жəне қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы; 8) əскери атташе аппараты - шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері; 9) əскери басқару органдары - стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары; 10) əскери бөлім - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты жəне (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме; 11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі - бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 11-1) әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы; 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 11-2) əскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы - мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ақпараттық қауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) əскери мүлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) əскери техника - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары; 14) əскерлер түрі - өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі; 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда 15) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16) жабдықтау нормалары (табиғи нормалар) - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (корабльдерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны; 17) жауынгерлік əзірлік - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай; 18) жауынгерлік қабілеттілік - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі; 19) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет; 20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар; 21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары - Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері; 22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды 22-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары - мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты құжаттардың жинақталымы; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) қару-жарақ - жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар; 24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар - жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар; 25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары - Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны; 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 26) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан әрі - тыйым салынған аймақ) - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылатын аумақ; 2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 27) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі - тыйым салынған аудан) - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына іргелес жатқан, шегінде тыйым салулар мен шектеулер белгіленген аумақ; 28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры - жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы; 29) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі; 30) қорғаныс - əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі; 31) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32) қорғаныстық зерттеулер - мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер; 33) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені; 36) мемлекеттің əскери ұйымы - бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы; 37) - 40) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41) пайдаланылмайтын əскери мүлік - қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық мүлік; 42) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар; 43) соғыс қатері - орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет; 44) соғыс қаупі - саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы; 45) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені; 46) соғыс уақыты - соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең; 47) 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 48) ұрыс қимылдары - тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерi: 1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттік шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау; 2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту; 3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу; 4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу; 5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану; 6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады 4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу 1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды; 2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi; 4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды; 5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) бiрыңғай әскери-техникалық саясатты әзiрлеуді және iске асыруды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) елдің мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, көлігінің, коммуникациялары мен халқының күні бұрын жұмылдыру дайындығын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтитын, бейбіт уақытта жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешенін; 8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды; 9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды; 10) азаматтық және аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды; 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; 12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды; 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу 2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, парламентiнiң және үкiметiнiң қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi 3-тарау. Қорғаныс саласындағы орталық және жергілiкті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен мiндеттері8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары 4-тарау. Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету13-бап. Қорғанысты қаржыландыру14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау 5-тарау. Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері23-2-бап. Əскери атташелер аппараты24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау 6-тарау. Соғыс кезi. соғыс жағдайы. жұмылдыру. азаматтық қорғаныс. аумақтық қорғаныс. тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан28-бап. Соғыс кезi29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру30-бап. Азаматтық қорғаныс31-бап. Аумақтық қорғаныс31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан 7-тарау. Қорытынды ережелер |