ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне: 193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «атом энергиясын пайдаланатын объектілер;» деген сөздерден кейін «патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын стационарлық ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 1) 283-бапта: тақырып «ядролық материалдармен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 2) 284-бапта: тақырыптағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «немесе ядролық материалдарды» деген сөздер «, ядролық материалдарды, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 285-бапта: тақырып «қағидаларын» деген сөзден кейін «немесе аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға алып келген, аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатын патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзу – Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|