ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 41-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім): 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.»; 3) 741-баптың екінші бөлігі 7) тармақшасындағы «ағымдағы шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.» деген сөздер «ағымдағы шотындағы ақшаға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|