| ||||||||||||||||||||
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
|
Қазақстан Республикасының (2025.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы 2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті 5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау 3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ 6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері 7-бап. Тауар биржасының жарғысы 8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу 9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы 10-бап. Биржа саудасы қағидалары 11-бап. Тауар биржасының мүшелері 12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 13-бап. Тауар биржасының қызметі 13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері 14-бап. Тауар биржасының кірістері 15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі 16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері 17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет 18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі 5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ 19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі 19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) 20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау 21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы 23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия 24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну 6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі 28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары 29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «биржалық саудаға», «биржалық сауда-саттықты», «биржалық сауда», «биржалық сауданың белгіленген ережелері», «биржалық сауда-сатыққа», «Биржалық сауда», «биржалық сауда-саттықта», «биржалық сауда-саттық», «биржалық саудамен», «биржалық сауда-саттықтың», «биржалық сауданың ережелеріне», «Биржалық саудаға», «Биржалық сауда-саттықта», «Биржалық сауда-саттықтарды», «биржалық сауданы» деген сөздер тиісінше «биржа саудасына», «биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасы», «биржа саудасының белгіленген қағидалары», «биржадағы сауда-саттыққа», «Биржа саудасы», «биржадағы сауда-саттықта», «биржадағы сауда-саттық», «биржа саудасымен», «биржадағы сауда-саттықтың», «биржа саудасы қағидаларына», «Биржа саудасына», «Биржадағы сауда-саттықта», «Биржадағы сауда-саттықты», «биржа саудасын» деген сөздермен ауыстырылды 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) биржадағы сауда-саттық - тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржа саудасы қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 1-2) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда 2-1) биржалық қамтылым - биржа саудасына қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде тауар биржасының клирингтік орталығына биржадағы сауда-саттыққа қатысу үшін қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтылым; 3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда 7) биржалық тауар - биржалық тауарлар тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, оның бірліктері барлық жағынан бір-біріне сәйкес келеді, олардың ұқсас сипаттамалары болады және ұқсас құрамдастардан тұрады, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан партиялардың бірін-бірі толық алмастыру қасиеті бар сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік береді; 8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 8-1) биржа саудасы - тауар биржасыңда электрондық нысанда биржадағы сауда-саттықты өткізу, мамілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды өткізу (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 8-2) биржа саудасына қатысушылар - тауар биржасында биржа саудасының белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) бұйрық - клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1) кепілдік беру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа мүшелерінің жарналары есебінен тауар биржасының клирингтік орталығы қалыптастыратын ақша қоры; 9-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда 10) клиент - осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға; 11) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-1) кросс-мәміле - брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда 11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 11-3) маркет-мейкер - баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 12-1) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы; 13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым - тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 14-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-2) резервтік қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауар биржасы өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 14-3) сауда лоты - биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар; 16-1) - 16-3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) тауар биржасының мүшелері - осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер сондай-ақ, дилерлер және маркет-мейкерлер; 18) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржа саудасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-1) тармақша өзгертілді 19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - биржадағы сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле; 21) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 1. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: 1) тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 2) биржа саудасына қатысушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестік; 3) тауар биржасында жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету. 2. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) биржа саудасын жүзеге асыру заңдылығы; 2) биржа саудасына қатысушылардың тең мүмкіндіктерін және жауапкершілігін қамтамасыз ету; 3) ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі.
2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласында: 1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындайды және оларға қойылатын өлшемшарттарды белгілейді; 3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Републикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржа саудасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2) тармақша жаңа редакцияда 2-2) биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 2-3) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді; 3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді; 3-3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3-4) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-5) тармақша жаңа редакцияда; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-5) тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды 3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 3-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 3-7) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізеді; 4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі; 6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды; 6-1) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды; 8) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды 10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 10-3) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-4) 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады; 2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңымен 10-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 10-6) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржадағы сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілейді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды 4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті Монополияға қарсы орган: 1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі; 2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді; 4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді; 5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды; 6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы2-1-бап. Тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары 2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті4-бап. Уәкілетті органның құзыреті4-1-бап. Алып тасталды4-2-бап. Алып тасталды4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау 3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ6-бап. Тауар биржасы6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері7-бап. Тауар биржасының жарғысы8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы10-бап. Биржа саудасы қағидалары11-бап. Тауар биржасының мүшелері12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері 4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ13-бап. Тауар биржасының қызметі13-1-бап. Алып тасталды13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері13-3-бап. Алып тасталды14-бап. Тауар биржасының кірістері15-бап. Биржалық мәміле15-1-бап. Биржадағы сауда-саттықты жүргізу режимі16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері16-1-бап. Тауар биржасының және тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет18-бап. Биржалық баға18-1-бап. Биржадағы сауда-саттыққа жосықсыз қатысушылар тізілімі 5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ19-бап. Тауар биржасы мүшелерінің қызметін жүзеге асыру тәртібі19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы21-1-бап. Алынып тасталды22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну 6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау26-бап. Алынып тасталды27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |