ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 124-1-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «электрондық сауда алаңдарынан» деген сөздер «тауар биржаларынан» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 14-1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 6-тарау мынадай мазмұндағы 32-2-баппен толықтырылсын: «32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады. Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|