| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 179-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне: 1) 129-баптың 3-тармағында: бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «, ұсынбалы» деген сөз алып тасталсын; жетінші бөлік алып тасталсын; 2) 132-баптың 1-тармағы алып тасталсын; 3) 134-баптағы «бағалы қағаз бойынша және ордерлік бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтіруді іс жүргізу заңдарында» деген сөздер «ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіруді процестік заңнамада» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 156-баптың 4-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 262-бап алып тасталсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім): 765-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы және 830-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 1) 82-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «3) тармақшасында» деген сөздер «3) және 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «экстремизмге» деген сөз «қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға, сондай-ақ экстремизмге» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 138-баптың 57) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне: 1) 279-баптың 9) тармақшасындағы «көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі» деген сөздер «жоғалған ордерлік» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 302-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасындағы «бағалы қағаздарды көрсетуші тұлғаның жоғалған бағалы қағаздар және», «(шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы» деген сөздер тиісінше «жоғалған», «бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы (шақырту ісін жүргізу)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 46-тараудың тақырыбындағы «Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және» деген сөздер «Жоғалған» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 368-баптың бірінші бөлігіндегі «Көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік» деген сөздер «Ордерлік» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 370-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және» деген сөздер «жоғалған» деген сөзбен ауыстырылсын. 5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 12-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 13-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы және 343-баптың 17-тармағының бірінші абзацындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 123-1) тармақшамен толықтырылсын: «123-1) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»; 2) 33-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацындағы «беделі жоқ адам тағайындалмайды.» деген сөздер «беделі жоқ;» деген сөздермен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын; 3) 55-баптың 4-тармағының 7) тармақшасындағы, 62-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы және 63-баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 8-баптың 24-2) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландырудың», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қазақстан Республикасында қалқа-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.»; 3) 2-баптың 13) тармақшасы «актісінің болмауын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 17-1-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі он жетінші абзацтағы «болуы негіз болып табылады.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздер болып табылады.». 9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 12-баптың 22) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 5-3-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы «және кірістерді» деген сөздер «және қылмыстық жолмен алынған кірістерді» деген сөздермен ауыстырылсын. 12. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 13. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 7-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 16. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға», «, терроримзді қаржыландырудың» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға», «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-баптың 12) тармақшасы «актісінің болмауын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын: «3-3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;»; 4) 55-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «немесе терроризмді қаржыландырумен» деген сөздер «, терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын. 17. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 41-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган коммерциялық емес ұйымдардың күдікті операцияларына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан талдау мен мониторингті және «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шараларды жүргізеді.». 18. «Әділет органдары туралы» 2002жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 19. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігі «актісінің болмауын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын» деген сөздермен толықтырылсын. 20. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-баптың 63) тармақшасы «актісінің болмауын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 51-баптың 4-тармағының 3-2) тармақшасындағы «немесе терроризмді қаржыландырумен» деген сөздер «, терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 72-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіз болып табылады.». 21. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 22. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 7-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-баптың 3-тармағында: 16) тармақшадағы «және терроризмді қаржыландырғаны» деген сөздер «, терроризмді қаржыландырғаны және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырғаны» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) және 18) тармақшалардағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 16-2-баптың 5-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 23. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 15-баптың 3-1-тармағындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 24. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 12-баптың 16-тармағында: 1) тармақша «адам» деген сөзден кейін «, оның ішінде өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісі болған кезде» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).» деген сөздер «заңды тұлға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен жақын туыстары бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).». 25. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 21-баптың 9-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 26. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 27. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) мінсіз іскерлік бедел - адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;»; 2) 4-3-баптың 7) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.»; 4) 24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын. 28. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»; 2) кіріспедегі «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 1-бапта: 1) тармақшадағы «немесе терроризмді» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3-2) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру - берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрінің химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қаруды және (немесе) оны жеткізу құралдарын таратуды қаржыландыру үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның жеке тұлғаға не тұлғалар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызметтер түрін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі; 3-3) жария лауазымды адам: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам; лауазымды адам; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам; шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам; шет мемлекет үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын адам; халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде мемлекеттер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам; 3-4) жеке кабинет - пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі; 3-5) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;»; мынадай мазмұндағы 3-6), 3-7) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын: «3-6) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі - қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор; 3-7) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман - заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шартының негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;»; «4-1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі - қаржы мониторингі субъектісінде күдікті операцияларды жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық әрекеттен, терроризмді қаржыландырудан және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан түскен кіріс болып табылады деген күдік туындайтын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын екі және одан көп күдікті операцияларының жиынтығы;»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |