Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және осы қаулының қосымшасына сәйкес оның мемлекеттік еншілес кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган; 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік жер кадастрын жүргізу болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 890 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|