«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесі туралы (2022.17.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 12-2) тармақшасына, «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесінің жобасы туралы» облыс әкімдігінің 13 маусым 2012 жылғы № 20/05 қаулысына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесі бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов). 3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы VI сессиясының № 62 шешімімен бекітілген
«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережесі
«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру азаматтардың көп жылғы қызметін, олардың қабылетін, дарынын, бастамашылығын және жауапкершілігін қоғамның тануының көрінісі болып табылады. «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы: азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға; олардың облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша қызметіндегі күш-жігерін көтермелеуге; жас ұрпақты қазақстандық патриотизм, еңбекке жауапкершілікпен қарау және халықтар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге арналған.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|