«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 173 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы Азық-түлік қауіпсіздігін және өнім экспортының өсуін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенінде, су, орман, аңшылық және балық шаруашылықтарында мемлекеттің саясатын тиімді қалыптастыру және іске асыру арқылы елдің табиғат ресурстарын сақтау және дамыту. Пайымдауы Министрлік Стратегиялық жоспарды іске асыру нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізетін болады: 1) АӨК-нің жалпы қосылған құнын 2014 жылы 2008 жылмен салыстырғанда кемінде 16 %-ға ұлғайту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|