Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко): 1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынсын; 2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығына қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрықтарының тізбесі
1) «Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-п бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3041 тіркелген); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|