«Қазақстан Реепубликасы Бас Прокурорының «Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 7 қарашадағы № 105 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Бас Прокурорының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен күші жойылды
2012 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуімен, прокурорлардың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сот сатысындағы өкілеттігінің елеулі өзгеруіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 7 қарашадағы № 105 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: төртінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Аумақтылығы бойынша облыстық прокуратуралардың қызметкерлері қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың (бұдан әрі - ҚМАС), жасы кәмелетке толмағандарға қатысты мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының (бұдан әрі - ювенальды сотының) және апелляциялық сот сатысы отырысына қатысады. Облыстық прокуратураның таспырмасымен ҚМАС және ювенальды соттардағы қылмыстық істер отырысына қатысуды қалалық және аудандық прокуратуралар қамтамасыз етуі мүмкін»; бесінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Кассациялық сатыдағы сот отырысына облыс прокурорлары қатысады, олар болмаған кезде қатысатындар - орнын басқан адам, сондай-ақ облыстық прокурорлардың орынбасарлары»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|