ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген
«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» (2013.18.06. берілген өзгерістермен)
1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 17) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысымен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметтерді жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты уәкілетті органның интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. 5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру не қағаз түрінде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 11-тармағында айқындалған өтініш пен құжаттар уәкілетті органға түскен сәттен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|