Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2013.23.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысымен бекiтiлген
Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін реттейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мақта иесі - меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға; 2) кондициялық масса - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда айқындалған ластану мен ылғалдылықтың бірыңғай нормаларына келтірілген мақтаның салмағы; 3) мақтаның сандық-сапалық есебі - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу кезіндегі мақтамен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі; 4) мақта партиясы - мақтаның сапасы туралы деректері бар құжаттармен ресімделген, селекциялық және өнеркәсіптік сорты бір, сапасы бойынша біртекті мақтаның оқшау өлшемі; 5) нақты салмағы - таразыларда өлшеу жолымен айқындалған мақта массасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|